Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырылған жүргізуші тағы ұсталды

Облыс тұрғыны 2021 жылы 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылса да, мас күйінде көлік тізгініне қайта отырған.
«Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен аудан көшелерінің бірінде жол жүрісі қағидаларын бұзған жеңіл автокөлігі тоқтатылды. Құжаттарын тексеру барысындамас жүргізуші бұрын сот шешімімен куәлігінен айырылғаны анықталды. 28 жастағы жүргізушінің тағыда мас күйінде автокөлік басқарғаны анықталды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, автокөлік айып алаңына қойылды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: