Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Мемлекеттік бағдарлама негізінде қолдау жасалуда

Жыл басынан бері облыста «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында шағын және орта бизнестің 1 млрд. теңгені құрайтын 33 жобасына субсидия берілді.
Ал, «Қарапайым заттардың экономикасы» бағдарламасы аясында жалпы 6,3 млрд. теңгені құрайтын 53 жоба қаржыландырылды. Айта кету қажет, биылғы жылы «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қаржылай қолдау шараларына 1,7 млрд. теңге бөлінген болса, оның көлемі 2 есеге ұлғайтылуда.
Сонымен қатар, кәсіпкердің айналым қаражаттарын толықтыру үшін «Қарапайым заттардың экономикасы» бағдарламасына қосымша 600 млрд. теңге қаражат бағытталуда. Аталған қаражаттың 180 млрд. теңгесі Халық банкіне, 94 млрд. теңгесі Ресей жинақ банкіне, 71 млрд. теңгесі ЦентрКредитке және 47 млрд. теңгесі Форте банкіне үйлестірілуде.
Бұл қаражаттар кәсіпкерлік субъектілеріне жылдық 8 пайызбен 1 жылға берілетін болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: