ҚАЗАЛЫДА БҰҰ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 5 ЖОБА ОРЫНДАЛДЫ
Бұл туралы аудан әкімі Нажмадин Шамұратов «Жаңа технологияларды енгізу арқылы ауданның әлеуметтік–экономикалық проблемаларын шешу» гранттық жобасы аясында өткізілген қорытынды дөңгелек үстелде хабарлады.
Аталмыш жобалар қатарында төмендегі жұмыстар бар. 1.«Қазалы қалалық мәдениет Үйіне жылу қазандығын орналастыру». Құны 1,6 млн теңге. Орналасқан жері - Қазалы қаласы.
2.«Балалар ойын алаңы». Құны 3,0 млн теңге. Орналасқан жері - Әйтеке би кенті, №5 квартал.
3.«№103 Қ.Пірімов атындағы мектеп жанынан жылыжай салу». Құны 3,2 млн теңге. Орналасқан жері - Жалаңтөс батыр ауылы.
4.«Бекарыстан би ауылындағы №24 орта мектеп жанынан жылыжай салу». Құны 3,2 млн теңге. Орналасқан жері - Бекарыстан би ауылы.
5.«Теміржол вокзалы жанындағы Әйтеке би, Жалаңтөс баһадүр саябақтарын аяқсумен қамтамасыз ету». Орналасқан жері - Әйтеке би кенті. Сонымен қатар, "Аранды ауылдық округінен "Шебер" тігін шеберханасын ашу".
Жалпы, 2015 жылы аудан бойынша БҰҰ даму бағдарламасына жалпы құны 44,6 млн болатын 13 жоба ұсынылған болатын. Одан биылғы жылға 5 жоба толық орындалып отыр.
Жиын барысында БҰҰ Даму бағдарламасының Қызылорда облыстық менеджері Баян Жақсыбекқызы бағдарлама аясында Жергілікті қауымдастықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған жобалар туралы баяндады. Мұнан соң жиынға қатысушылар №204 мектеп жанынан ұйымдастырылған Балалар ойын алаңымен танысты.