Облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет Қызылорда қаласындағы діни ғибадатханаларды аралады.
Аралау барысында Айтбай мешітінің және «Шымкент Епархиясы Қызылорда қаласы Қазан Құдай Ана Иконасы храмының приходы» Православие шіркеуінің жай-күйімен танысты.
Облыс әкімінің орынбасары Серік Әбжәліұлы дін өкілдерін халқымыздың ең басты құндылығы мен байлығы Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша бас имамы Б.Әбуовке, ҚМДБ-ның «Зекет» қайырымдылық қорының облыстағы жетекшісі, «Ерназар Мақсұм» мешітінің бас имамы О.Жидебаевқа Қызылорда облысының «Құрмет грамотасын», Қызылорда қалалық «Айтбай» мешітінің бас имамы Д.Құрманбаевқа Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хатын, «Православие» шіркеуінің настоятелі В.Ивашининге Қызылорда облысының «Құрмет грамотасы» және «Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы» мерекелік медалін табыс етті.