Облыс әкімі тұрғын үй құрылысы жөнінде тапсырма берді
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жұмыс сапарымен Шиелі ауданына барып, бірқатар нысандарды аралап, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Алдымен аймақ басшысы Шиелі кентіндегі үш қабатты 18 пәтерлі 4 тұрғын үйдің құрылысын бағамдады. Тұрғын үйде 2 бөлмелі 12 пәтер, 3 бөлмелі 6 пәтер орналасқан. Құрылыс материалдарының күрт қымбаттауына байланысты жобаға қайта түзету жұмыстары жүргізіліп, қосымша қажетті 113,3 млн.теңгеге бюджеттік өтінім берілген.
Облыс әкімі бөлінген әрбір қаражат көлемін мұқият зерделеуді және басталған құрылысты сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды.