Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада биыл 89 жоба іске қосылды

Аймақта 2023 жылға дейін экономика саласын дамыту мақсатында 271 млрд. теңгені құрайтын 265 жоба жүзеге асырылады. Ал биыл 89 жоба іске қосылып, 1035 жұмыс орны ашылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Ринат Құдайбергенов мәлімдеді. 
-Үстіміздегі жылдың маусым айында кәсіпкерлік саласындағы тұралап қалған кәсіпорындардың жағдайымен танысып, талдау жүргізілді. Нәтижесінде 46 кәсіпорын анықталды. Оның ішінде, өңдеу саласында 19, ауыл шаруашылығында 14, құрылыс материалдарын шығару 9, өнеркәсіп саласында 4 кәсіпорын. Бүгінде аталған 46 кәсіпорынның 12-і қайта іске қосылды. Қалған кәсіпорындар бойынша сауықтыру шаралары шикізат әлеуетін пайдаланып, мемлекеттік бағдарламалар және басқада қаржы институттар арқылы қолдау көрсету шаралары жүргізілуде. Бұл шаралар халықты жұмыспен қамту арқылы тұрақты табыс көзіне айналып тұрмыс тіршілігінің жақсаруына септігін тигізеді, - деді Ринат Мәжитұлы.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: