Жанагүл Қарқынбаева, облыстық психикалық денсаулық орталығының аға мейірбикесі:
«Соңғы бір жарым жылдан бері әлем елдері коронавирус індетімен күресіп келе жатыр. Расымен, қолға алынған шараларға қарамастан, бұл дертті түбегейлі жою әлі де мүмкін болмай отыр. Сол себепті әр азамат өзінің денсаулығы мен өміріне жауапкершілікті сезініп, мамандар кеңесіне құлақ асуы тиіс.
Бүгінгі күні аймағымыз коронавирус індеті бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Тәулігіне орта есеппен 2-3 азаматтың ПЦР-тесті оң нәтиже көрсетуде. Науқастардың негізгі бөлігі модульдық ауруханаға жеткізіп жатыр. Бұл әлі де болса қауіптің сейілмегенін аңғартады. Қазір негізгі жауапкершілік медицина саласының мамандарына жүктеліп отырғаны рас. Дәрігерлер мен орта және кіші буын қызметкерлері міндеттерін абыроймен атқарып келеді. Бұл ретте ақ халаттыларға мемлекет тарапынан көп қолдау көрсетілуде.
Коронавирус індетін жеңудің жалғыз жолы - вакцина салдыру болып отыр. Мамандар күнделікті халықты екпе салдыруға шақырып, үгіт- насихат жұмыстарына көңіл бөлуде. Нәтижесі бар деп ойлаймын. Мен де екпенің екі компонентін толық алған мамандардың бірімін. Бұл шешімді өз еркіммен қабылдадым. Жұмыс барысымен көптеген адамдармен кездесіп, араласамыз. Сол себепті өзімізді қорғап, айналамызға қауіпсіз болуымыз керек. Қараша айында азаматтарға екпенің үшінші дозасын егу шаралары басталған болатын. Иммунитетімді жоғарылатын, денсаулығымды жақсарту мақсатында мен ревакцинациядан өтуге шешім қабылдадым.
Қазіргі күні елімізде Pfizer екпесі жасөспірімдер мен жүкті және емізулі балалары бар аналарға салынып жатыр. Бұл препарат америкалық ғалымдардың өнімі. Өзге де шетелдік ғалымдар вакцинаны мақұлдап отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелген. Сол себепті түрлі қауесет әңгімелерге құлақ аспай, мамандар кеңесіне сенуге шақырамын.
Расымен, қазір індеттің беті қайтты, жағдай біраз тұрақталды. Бұл тұрғындарға салынған екпенің нәтижесі. Яғни, біртіндеп ұжымдық иммунитет қалыптасып келеді. Ең бастысы, коронавирус індетіне қатысты жағдайды ушықтырып алмауымыз керек. Бетпердемізді тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтап жүрейік. Қолымызды жиі жуып, антисептикті пайдаланайық».