Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада 21 жастағы қыз балконнан секіріп кетті

Қызылордада көп қабатты үйдің балконынан секіріп кеткен 21 жастағы азаматша аурухананың жан сақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Бұл жөнінде Қызылорда қалалық полиция басқармасына хабарлама келіп түскен. Онда 1999 жылғы азаматшаның көп қабатты үйдің балконынан секіріп кеткені айтылған. 
«Облыс орталығының 21 жастағы тұрғыны медициналық мекеменің жансақтау бөліміне жатқызылды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1 бөлігімен (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: