Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫКеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Абзал Сансызбайұлының төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті.
Алдымен жаңадан тағайындалған кадрларды таныстырудан басталған мәжілісте: 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мен 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мерекелерін өткізуге дайындық шаралары, баспасөзге жазылу жұмыстарының атқарылуы, күзгі мерзімде әскерге шақыру жұмыстарының жүргізілуі және бюжет қаржысының игерілуі туралы күн тәртібіне қойылған мәселелер төңірегінде баяндамалар тыңдалды. 
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мен 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мерекелерін өткізу шаралары ауданда басталды. Мектептер мен балабақшаларда мереке қарсаңындағы іс- шаралар өткізіліп, мекемелер мен аудан орталығына мерекенің маңызын айшықтайтын көрнекі-құралдар ілінуде. Аудандағы баспасөзге жазылу да өз деңгейін орындалып отыр. Бұл туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Еркін Әбішев баяндады. Ал биылғы күзгі мерзімді әскерге шақыру бойынша 14 азамат әскерге шақырылған. Олар ҚР ҰҚК шекара қызметі мен ҚР Ұлттық Ұлан қызметіде әскери борышын өтеуге аттанып отыр. Бұл бастапқы легі. Алдағы уақытта кезең – кезеңімен жастар азаматтық борышын өтеуге шақырылмақ. Аппарат мәжілісінде осы және өзге де бірқатар мәселелер қаралды. 
Күн тәртібіне қойылған мәселер төңірегінде аудан әкімі Абзал Мұхимов қаулы қабылдап, шешім шығарды. Және бөлім басшыларына тапсырмалар жүкелді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: