Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖАС ОТАН» БАСШЫСЫ ҚАЗАЛЫҒА КЕЛДІ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖАС ОТАН» БАСШЫСЫ ҚАЗАЛЫҒА КЕЛДІ

 

Республикалық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Шахмардан Байманов Қазалы ауданына іс-сапармен келді.
Іс-сапар барысында аудандық «Жастар Үйі» ғимаратына Республикалық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Байманов Шахмардан Асқарұлы мен Қызылорда облыстық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Сабанбаев Абылайхан Бексұлтанұлы және Қызылорда облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Алдабергенов Жасұлан Нұрланбекұлы ауданымыздың жастар саясатын жүзеге асыру барысында жұмыс атқаратын «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сінің Қазалы аудандық бөлімшесі мен Қазалы аудандық «Жас Отан» жастар қанатының, тұрмысы төмен отбасыларға арналған «Бәрі де рахмет үшін» акциясы аясында ашылған әлеуметтік дүкенімен ауданда атқарып жатқан жұмыстарына ризашылығын білдіріп, алдағы атқаратын жұмыстарына сәттілік тіледі.
Одан әрі Ұлы Отан соғысының ардагері Мырзатаев Пірназар атамызға шапан жауып құрмет көрсетіп, атамыздың ақ батасын алды. Қазалы қаласында орналасқан Ғани Мұратбаев мемориялдық мұражайымен танысты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: