Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен 10 жоба қолдау тапты. 

«Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірде биыл 300 млн. теңгені құрайтын 10 жоба қолдау тапты. Тағы 2,3 млрд. теңге болатын 9 жоба қаржы институттарының қарауында. Жалпы бағдарлама қолға алынғаннан бері облыста 8,6 млрд. теңгенің құрайтын 119 жоба қаржыландырылды. 
- Осы жобаларды іске асыру арқылы бетон құбырлары, жемшөп өнімдері, ұзақ уақыт сақтауға арналған ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісін құру, жиһаз өнімдерінің ассортиментін кеңейту күтілуде, - деді облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев
Облыста Индустрияландыру бағдарламасы аясында құны 542,9 млрд.теңгені құрайтын 41 жоба жүзеге асырылуда. Бұның ішінде биыл 48,5 млрд. теңгені құрайтын 4 жобаны іске қосу жоспарлануда. Атап айтсақ, шыны зауыты, түйе сүтінен құрғақ ұнтақ жасау өндірісі, құс фабрикасы, және ас тұзы өндірісі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: