Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды.

Облыс әкімінің өкімімен Қойшыбаев Шахмардан Сұлтанбекұлы Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Шахмардан Қойшыбаев 1974 жылы дүниеге келген. Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденінің мемлекеттік ауылшаруашылығы институтын «ғалым-агроном», «Болашақ» университетін «экономика» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы Шиелі ауданындағы Ы.Жақаев атындағы шаруа қожалығының жұмысшы ретінде бастаған.
1996-2005 жылдары Ы.Жақаев атындағы колхозының агрономы,  «Шахмардан» шаруа қожалығының төрағасы, Шиелі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің жетекші маманы болды. 
2005-2010 жылдары Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы, Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқарды. 2010 -2012 жылдары Қазалы ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары болды. 2012 жылдан осы кезге дейін Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасының басшысы болып қызмет атқарып келді.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: