Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЕРЛІГІ АҢЫЗ БОЛҒАН БАТЫР БАБА

 ЕРЛІГІ АҢЫЗ БОЛҒАН БАТЫР БАБАӘ.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Баян Қасаболатұлының 300 жылдығына  орай «Ерлігі аңыз болған батыр баба» атты танымдық сағат өткізілді. 
Бүкіл өмірін қазақ жұртының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған ержүрек  батырларымыздың  бірі — батыр Баян Қасаболатұлы. Ол батырлығымен, тапқырлығымен Абылай ханның ерекше құрметіне бөленген, қазақ-жоңғар шайқастарына қатысып, "Батыр Баян" атанған. Тарихи деректерде Баян жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен қазақ батырларының ішіндегі шоқтығы биік тұлға болып саналады.
Танымдық сағатқа № 12 І.Қабылов атындағы қазақ орта мектебінің 7 «б» сыныбының оқушылары белсене қатысты. Тарих пәнінің мұғалімі  Жұмабекова Гүлмира Әбілқадырқызы  ержүрек батыр Баян туралы әңгімеледі. Оқушылар Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасынан үзінділер оқып, өз пікірлерін айтты, «Ғажайып туынды- Батыр Баян» атты  бейнероликті тамашалады.
Шараға сонымен қатар №140 орта мектептің оқушылары қатысты,   кеш соңында оқырмандар «Ұлт азаттық күрестің қаһарманы» атты кітап көрмесімен танысты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: