Сарыбайқазған мұранасы ХVІІІ ғасырда салынған архитектуралық ескерткiш.
Сарбұлақ ауылының, Моншақ елді мекенінен оңтүстік-батысқа 84 км жерде орналасқан. Мұнара кеуіп қалған өзен арнасының, құм төбелердің арасында, қам кесектен (7х20х33,5 см) өрілген. Мұнараның дөңгелек тәріздес екі қабатты күмбезі бар. Күмбез маңында кішігірім дөңгелек тәріздес алаң орналасқан. Мұнараның ішінде оның төбесіне дейін шығатын айналмалы баспалдақ орналастырылған.
Казпроектреставрация институты 1986 жылы есепке алып, құжаттарын дайындаған.