Қызылордада жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды
Қызылорда қаласы көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлерімен жол ережесін бұзған жеңіл автокөлік тоқтатылды.
Автокөлікті басқарған облыс орталығының 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Анықталғандай, бұл азамат 11 маусым 2018 жылы көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған, алайда ол көлікті мас күйінде қайта басқарып, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірді.
Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен, яғни көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айып алаңына қойылды.
Бұл орайда, жол - көлік оқиғаларының алдын алу және оларды болдырмау мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыс тұрғындарының жолдағы жауапкершіліктерін күшейтуді ескертеді.