Бүгін Жаңақорған ауданы Аққорған ауылдық округі әкімі Сардар Садықовтың халықпен есепті кездесуі өтті.
Былтыр ауылда көптеген жұмыстар іске асырылды. 2016 жылдың маусым айында ауылдық округтегі дәрігерлік амбулатория халық игілігіне пайдаланылуға берілді. Ауылдық округтегі шаруа қожалықтары ауылшаруашылық дақылдарын егумен айналысып жатыр. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының аясында ауылдың 4 азаматы несие алып өз кәсіптерін жалғастыруда.