Қазалы ауданында ашылған «Ажар сити» әлеуметтік дүкені төтенше жағдай кезінде ауыл-ауылды аралап, көшпелі сауда ұйымдастыруды қолға алмақшы.
Кеше, 23 сәуір күні әлеуметтік дүкеннің азық-түлік тауарлары Абай ауылында болды,. Ал 24 сәуір күні Бірлік ауылында көлік үстінде сатылады деп жоспарлануда. Көшпелі сауда кезінде ауыл тұрғындары өздеріне қажетті әлеуметтік маңызы бар: ұн, макарон, қант, өсімдік майы, шай, тұз, сүт, тағы басқа заттарды сатып ала алады.
Айта кетейік, Қазалы ауданының әкімдігі бұған дейін де жергілікті жеке кәсіпкерлермен бірлесіп, көшпелі сауда орындарын ұйымдастырған болатын. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.