«Бәйтерек» мөлтек ауданындағы көпір құрылысы биыл аяқталады
Шаһардағы «Бәйтерек» мөлтек ауданындағы автомобиль көпірінің құрылысы биыл аяқталады деп жоспарлануда.
Былтыр «Оң жақ магистральды» каналы арқылы өтетін автомобиль көпірінің құрылысына жоба-сметалық құжаттары әзірленді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Дархан Бақтияров мәлімдеді.
- «Бәйтерек» мөлтек ауданындағы автомобиль көпірінің құрылысына қалалық бюджеттен 16,4 млн.теңгеге жуық қаржы бөлінді. Сонымен қатар «АлматыДор Проект» ЖШС келісім шарт жасалып, жобалық-сметалық құжаттары әзірленді. Қазіргі таңда мемлекеттік сараптаманың қарауына жолданды. Оң қорытындысы шыққаннан кейін республикалық және облыстық бюджеттен қаржы бөлу үшін өтінім ұсынылатын болады. Бұл өтінім толық мақұлданса көпірдің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі, - деді Дархан Бақтияров.