Төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлік пен отандық өндірісті қолдау мақсатында қабылданып жатқан шаралар бойынша және өзге де кәсіпкерлік саласына қатысты мәселелер жөнінде түсіндірме жүргізу бағытында арнайы кәсіпкерлік субъектілерін қолдау тобы жұмыс жасауда.
Топ құрамына облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, облыстық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, «Даму» КДҚ» АҚ Қызылорда филиалы, «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Қызылорда филиалы және «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалының мамандары енгізілген.