Биылғы жылдың бірінші шілдесіне тіркелген аудандағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2 433 бірлікті құрап, өткен жылмен салыстырғанда 4,2%-ға артса, оның ішінде нақты жұмыс жасап тұрғаны 2 232 бірлікті құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға артты.
2021 жылдың алты айында ауданда өнеркәсіп өнімі 5 млрд теңгеге өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,9 есеге өсті. Ал, өңдеу өнеркәсібі 3,9 млрд теңгеге орындалып, 2,2 есеге артты.
Қазіргі кезде аудан тұрғындары мемлекеттік бағдарламалар арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті бастауға және дамытуға белсенділік танытуда. Ағымдағы жылдың басынан бері аудан бойынша 126 жоба 1 млрд 557,8 млн. теңгеге қаржыландырылып, 171 адам жұмыспен қамтылды.
Атап айтқанда: «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктердің облыстық филиалдары арқылы 21 жоба 253,4 млн теңгеге қаржыландырылып, пайыздық мөлшерлемесі бағдарламаның шартына сәйкес субсидияланды. Оның ішінде 11 жоба 99,4 млн теңгеге ішінара кепілдендірілді.
«Еңбек» бағдарламасы аясында жыл басынан 36жоба 146,7 млн теңгегеқаржыландырылды.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның облыстық филиалының жеке қаражаты есебінен 3 жоба 47,6 млн теңгеге қаржыландырылды.
«Агробизнес» бағдарламасы аясында «Ауыл» несие серіктестігі арқылы 25 жоба 319,9 млн теңгеге «Сырдария-1» несие серіктестігі арқылы 12 жоба 269,8 млн теңгеге қаржыландырылды.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 3 жоба егін егу жұмыстарын жүргізуге 86,4 млн теңгеге қаржыландырылды.
«Каз Агро Қаржы» АҚ-ның облыстық филиалы арқылы 5 шаруа қожалығы 289,7 млн теңгеге қаржыландырылып, 6 дана ауыл шаруашылығы техникалары алынды.