Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА 87 МЫҢ ТОННА БИДАЙ ЖИНАЛДЫ

 

2016 жылы 168,5 мың га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылған. Бұл өткен жылы орналастырылған егіс көлемінен 1,2 мың га артық егілген.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Талғат Бекішев осы жөнінде кеңінен әңгімелеп берді.
«Бүгінгі күні облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары күріш орағына дайындалуда. Егін жинау науқанына қатысатын тракторлардың 80,3 пайызы, комбайнның 76,9 пайызы, жатканың 73,9 пайызы, тасымал көлігінің 76,5 пайызы және трактор тіркемесінің 80,9 пайызы жөндеуден өтті. Мұнан өзге, күзгі дала және егін жинау жұмыстарына қажетті 14 мың тонна арзандатылған дизель отынын жеткізуші операторлар белгіленді. Қазіргі уақытта шілде айына бөлінген 585 тонна дизель отынын жеткізуші операторларға толық қаржы аударылып, шаруашылықтарға жеткізу жұмыстары жүргізілуде» - деді Талғат Болатбекұлы. 
Қазіргі таңда облыс бойынша барлығы 87436 тонна бидай, 236 тонна арпа, 25 тонна сұлы жиналған. Өткен жылмен салыстырғанда бидай 6,1 мың тоннаға, арпа 156 тоннаға артық жиналып, бидайдың өнімділігі 3,6 центнерге, арпаның өнімділігі 7,2 центнерге өскен.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: