Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Еңбек заңнамасына байланысты 500-ге жуық өтініш түскен

Жыл көлемінде облыстағы кәсіпорындар мен мекемелерге 58 тексеру жүргізілді. Оның ішінде 54-і жоспардан тыс тексеру, 4-і субъектіге бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау тәртібіндегі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы Төреахмет  Жолымбетов мәлімдеді.
-Жалпы облыста тексерулер нәтижесімен 97 заңбұзушылық  анықталды. Оның ішінде еңбек заңнамасы бойынша- 80, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңнамасы бойынша- 17. Оларды жою және болдырмау жөнінде 44 нұсқама беріліп,оның 34-і орындалды. Жалпы 6 айда 12 әкімшілік шара көріліп, оның ішінде 3 ескерту, 901 340 теңге мөлшерінде 9 айыппұл салынды. Бүгінгі күнге  662 660 теңге мөлшерінде 7 айыппұл өндірілді.. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 9 ірі және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 3751 жұмыскерлеріне  383,4 млн. теңге  жалақы қарызы төленді. 2020 жылғы 1 қаңтарға облыс бойынша 2 мекемедегі 34 жұмыскерге 13,3 млн.теңге жалақы қарызы қалыптасып, толық төленді,-деді Төреахмет Сайлаубайұлы
Сондай-ақ, ағымдағы  жылдың 1 шілдесіне жалақыдан қарызы бар жағдай тіркелмеген. Қазіргі кезде облыс бойынша үш айдан астам жалақыдан қарызы бар мекемелер жоқ.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: