Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ТАСБӨГЕТ КЕНТІНДЕ МЕКТЕП АШЫЛДЫ

 

Білім күнінде Тасбөгет кентінде №172 орта мектеп пайдалануға берілді. Апаттық жағдайдағы мектептерді жою мақсатында облыстық бюджеттен барлығы 5 млрд. 44 млн. теңге қаралды. 
Бүгінде 12 мектептің құрылысы басталып, олардың жыл соңына дейін 5-еуі пайдалануға беріледі. Ал биылғы жаңа оқу жылының басында облыс бойынша 4 мектеп ел игілігіне берілді. 
- 2016 жылы білім нысандарының құрылысына 3,4 млрд. теңге бөлініп, жаңадан 4 мектеп пен 2 балабақшаның құрылысы жүргізілді. Сонымен бірге, облыста 14 мектеп пен 7 балабақша ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу үшін 900 млн теңгеден астам қаржы бөлініп, бүгінгі таңда күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Бүгін міне, Мемлекет басшысының қолдауы«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында құрылысына 630 млн. теңге бөлінген 300 орындық жаңа мектеп ел игілігіне берілгелі отыр,- деді облыс әкімі Қ.Көшербаев. 
Содан соң Тасбөгет кенті ардагерлер қоғамдық кеңесінің мүшесі Қ.Достыбаев ата-аналар атынан сөз сөйлеп, алғысын білдірді, ал мектеп директоры Майра Садуоваға жаңа ғимараттың символикалық кілт тапсырылды.
Ақпарат үшін: Соңғы 4 жылда Қызылорда облысының білім саласына бөлінетін қаржы 2 есеге артты. 2013-2015 жылдары облыс бойынша 43 білім беру нысанының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді. Біріншісі, үш ауысымда оқытатын мектептер болмауы керек. Екіншісі, апаттық жағдайдағы мектептер проблемасын шешу, үшіншісі 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді 2020 жылға дейін балабақшамен қамту. Қазір Қызылорда облысында үш ауысымда оқитын мектеп жоқ. Ал 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін аймақ белгіленген мерзімінен бұрын орындап қойды. Енді апатты жағдайдағы 11 мектептің құрылысы биыл басталатын болады. Сонымен қатар, жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасыларынан шыққан балалар үшін облыс әкімінің 350 білім гранты тағайындалып келеді. Қызылорда облысы – республика бойынша Ресей Үкіметінің 150 білім грантын иеленген жалғыз аймақ. Осы гранттар арқылы қазір сырбойылық талапты жастар Мәскеу мен Санкт-Петербургтің жоғары оқу орындарында білім алуда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: