30 қаңтарда Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жаңа кәсіпкерлік нысандарының жұмысымен танысты.
Аймақ басшысы нан өнімдерін шығаратын және мұздатылған жартылай фабрикаттар өндіретін «Фирма «BestService LTD» ЖШС-не барды. Жобаның жалпы құны – 409 млн. теңге.
Цех жұмысын өткен жылдың қараша айында бастады. Өндіріс орнының қуаттылығы – тәулігіне 0,5 тонна мұздатылған жартылай фабрикаттар мен 1,5 тонна нан өнімдері. Кәсіпорында 66 адам еңбек етеді.