Қызылорда қаласында денесіне темір жабысатын адам тұрады. Ерекше қабілетті Нартай Тұрсанов осылайша жерлестерін таңғалдырып отыр.
Оның мұндай қасиетін білетін адамдар әлдеқашан «магнит адам» адам атап кеткен. Расында, кез-келген адамға темір жабыса бермейтіні белгілі. Басында өзі де денсаулығымда ешқандай кінәрат жоқ па екен деген оймен дәрігерлер тексеруінен өткен көрінеді. Дәрігерлер тексеруден кейін бұлай алаңдауға негіз жоқ екенін алға тартыпты. Кейіпкердің өзі де денсаулығын үнемі бақылауда ұстайтынын көлденең тартады. Қан қысымымда ауытқу жоқ дейді.
Нартайдың әкесі – Махамбетқали елге белгілі адам. Ағамыз кезінде қазақтың айтыс өнерінде өз қолтаңбасын қалдырған. Бабаларының бірі – Биікбай батыр, әруақты кісі болған деседі. Сол ерекше қасиет ұрпағы – Нартайға жұғысты болған.