18 мамыр күні сағат 11:00-де Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапxанада Республикалық синxронды акция өткізіледі.
Бұл шара Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған. Онда ашық диктант жазу шарасы өтеді. Диктант мәтіні "Мәңгілік Ел" актісіне байланысты болады. Диктант жазуға мектеп оқушылары, студенттер, мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер, т.б. өтініш білдірген кез-келген адам қатыса алады.