Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Бала тәрбиесіне байланысты ой бөлісті

Бала тәрбиесіне байланысты ой бөлістіЖалағаш кентіндегі №202 орта мектептің базасында аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы болып өтті.
Комиссия отырысына аудандық прокуратураның өкілі, ішкі істер бөлімі, ардагерлер, ата-аналар, мектеп басшылары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар және бала тәрбиесіне жауапты құзырлы органдардың басшылары қатысты. Сонымен бірге, Қызылорда қаласынан арнайы шақыртылған Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Аяғанова Алмагүл және облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог-маманы Оспанов Бахтияр қатысып, кәмелетке толмағандарға қатысты бірқатар мәселелер бойынша хабарлама жасады. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлиев Садық ағамыз өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, қазақ халқының қанында бар ата мен әже тәрбиесінің орны ерекше екеніне тоқталды. Комиссия соңында тиісті мекеме басшыларына бірқатар тапсырмалар берілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: