Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚШЫЛАР ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚШЫЛАР ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫКөкшетау қаласында тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасында жекелей және командалық Қазақстан кубогы мәресіне жетті. 
Аталмыш сында Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын Ақерке Кенжебекова әйелдер арасында кубок жеңімпазы атанып, ҚР ересектер құрама команда сапына енді. Ол бұған дейін жастар құрамасында өнер көрсетіп келген болатын. 
Ақерке енді тамыз айында Қытайда өтетін Азия чемпионатына жолдама алу үшін сәуір айында Ақтөбе болатын іріктеу ойындарына қатысады. А.Кенжебекованы жарысқа Хәкімжан Елеусінов дайындады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: