Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда облысының ІІД-ге жаңа бастық тағайындалды

Қызылорда облысының ішкі істер департаментінің жаңа бастығын жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры Марат Демеуов таныстырды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қызылорда облысының ІІД бастығының лауазымына полиция полковнигі Жанат Сүлейменов тағайындалды.    
Сүлейменов Жанат Қуанышұлы Қарағанды облысында дүниеге келген. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары милиция мектебін және Қазақстан Республикасы Академиясын тәмамдаған. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1980 жылы бастады. 
Әр жылдары жедел қызметтерді басқарды, ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрес және криминалдық полиция департаменттерінің төрағасы, Көліктегі ІІД бастығы лауазымдарында қызмет етті.
Соңғы лауазымы – Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығы.
Жаңадан тағайындалған облыс полициясының басшысына Марат Демеуов  оның іскери және жеке қасиеттерін атап көрсете отырып, жемісті еңбек тіледі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: