Сыр өңірінде халықтың әлеуметтік-эккономикалық жағдайын жақсарту мақсатында қажетті іс-шаралар қолға алынып келеді.
![]()
Жалпы биылғы жылы жылумен қамту нысандарын жаңғыртуға 13,5 млрд.теңге қаржы қаралуда (республикалық бюджеттен –5,2 млрд.теңге, Үкімет резервінен – 2,5 млрд. теңге, облыстық бюджеттен - 5,4 млрд.теңге, ҚЖЭО кәсіпорынныңөз қаржысы есебінен 364 млн.теңге). Оның ішінде:
Қызылорда жылу электр орталығының Оңтүстік қазандықтың БОНО ЭНЕРДЖИ маркалы үш бу қазандығын жаңғырту жұмыстарын аяқтауға Үкімет резервінен 2 млрд. 524 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 1 млрд. 329 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі күнге құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Қызылорда жылу электр орталығында алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Жергілікті бюджет және кәсіпорын қаржысы есебінен 1 генераторды және 1 күштік трансформаторды жаңғырту, 10 бу қазандықтары мен 21 автономды қазандықтарға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда, жұмыстар 46 пайызға орындалды.
Жылу желілерін жаңғырту бойынша бюджеттен 6 жобаны іске асыруға 7 млрд. 403 млн.теңге қаржы қаралуда. Бүгінгі күнге жобалар бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі 2 пайызға төмендейтін болады (42% дан 40% дейін).
Қызылорда облысы бойынша 2025-2026 жылдардағы жылу беру маусымына қажетті көмір тұтыну жоспары 139,3 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде: тұрғындар үшін 117,4 мың тонна, әлеуметтік нысандарға
21,9 мың тонна. Қазіргі таңда, өңірге «Қазақстан темір жолы»АҚ-ның мәліметіне сәйкес 5,9 мың тонна көмір жеткізілді. Облыс көлемінде 19 өңірлік оператор (6 ЖШС мен 13 кәсіпкер)жұмыс жасап, көмір бағасы маркаларына және жеткізу қашықтықтарына сәйкес 19000 – 26000теңге аралығында сатылуда. Тұрғындар мен әлеуметтік нысандарды көмірмен қамтамасыз ету мәселесі облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында.
Жаңа жылу электр орталығы бойынша 2025 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында Қызылорда қаласында қуатылығы 240 МВт электрэнергиясы мен 277 Гкал жылу энергиясын құрайтын жаңа жылу электр орталығы құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Жобаның жалпы құны - 215 млрд.теңгені құрайды. Жылу электр орталығы толығымен инвестор «Aksa Energy» түрік компаниясы тарапынан салынуда. Бүгінгі күнге жобаның құрылысына 137 млрд.теңгеден аса инвестиция салынды.
Жоба аясында қуатылығы 180 МВт-тық 2 дана газ турбиналық қондырғылары (General Electric, АҚШ), 95 МВт-тық бу турбинасы (Doosan Skoda, Чехия), қуаттылығы 120 тн/сағ құрайтын 2 дана бу қазандығы (AC BOILERS, Италия) мен 150 Гкал/сағ құрайтын 4 дана жылу қазандығы (Mimsan, Түрия) салынатын болады.
Қазіргі кезде, негізгі қондырғылар толық көлемде жеткізіліп, орнатылуда. Бүгінгі күні 70 пайызға жуық құрылыс жұмыстары жүргізілді (2 газотурбиналық қондырғы – 85%, 2 бу қазандығы – 80%, 4 су жылытқыш қазандық – 75%, 1 бу турбинасы – 65%, Химиялық су дайындау цехы – 60%, Сыртқы электр желілері мен электр цехы – 70%, АГТС пен газ желілерін салу – 100%).
Жаңа станция облыстың электр энергиясына деген қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеді. Станция 2025 жылдың 4 тоқсанында іске қосу жоспарлануда.
ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мархабат Жайымбетов пен Мұрат Абенов партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмхановпен бірге жаңа жылу орталығының құрылыс жұмыстарымен танысты. Соңғы жылдары елімізде жылу орталықтарынан туындайтын ақаулар жиі анықталуда. Тұрғын санының өсуі, қаланың кеңеюі үшін заманауи, қуатты жылу орталығының қажеттілігі анық сезілетін. Сондықтан, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында Қызылорда қаласында қуатылығы 240 МВт электрэнергиясы мен 277 Гкал жылу энергиясын құрайтын жаңа жылу электр орталығы құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Электр энергетикасы саласы бойынша 2025 жылдың 1 шілдеге өңірдегі электрмен қамту жүйелерінің жалпы ұзындығы 10491 шақырым электр желілер және әр-түрлі кернеуліктегі 2018 дана қосалқы станциялардан тұрады, олардың тозу деңгейі 62% құрайды.
Ағымдағы жылы құны 6 млрд.теңге құрайтын жобаларды іске асырылуда. Атап айтсақ, 3,1 млрд.теңге қаржыға 280 шақырым электр желісін және 2,9 млрд.теңгеге 87 дана қосалқы станциялар қайта жаңғыртудан өткізілетін болады.
«Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасы аясында 532,6 млн. теңгеге 40,2 шақырым әуе желісін қайта жаңғыртудан өткізілуде.
Өз қаражаты есебінен 336,9 млн. теңгеге 59,5 шақырым электр желілеріне (күрделі жөндеу – ӘЖ-35кВ – 14,59 км, ӘЖ-10кВ- 10,2 км, ӘЖ-04кВ – 18,56 км, КЛ-0,4 кВ- 0,45 км, ағымдағы жөндеу – ӘЖ-35кВ – 7,85 км, ӘЖ-10 кВ - 3,1 км, ӘЖ-0,4 кВ – 4,7 км), 97 бірлік қосалқы станцияларға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. (01.05-31.08.2025ж.) «Шиелі кентіндегі 220/35/10 кВ ҚС қайта жаңғырту» жұмыс жобасы бойынша қазіргі таңда 35 кВ ашық тарату қондырғысы бойынша атқарылатын жұмыстар толығымен аяқталып, тұтынушыларды электр энергиясына қосу жұмыстары жүргізілуде. 220 кВ ашық тарату қондырғысы бойынша «КЕGOC» АҚ-мен келісім алу жұмыстары жүргізілуде.
«Жаңақорған кентіндегі 10/0,4 кВ электр желісін қайта жаңғырту» жұмыс жобасы бойынша толығымен аяқталып, қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Тұтынушыларға есептегіш құралдарды қосу жұмыстары жүзеге асырылуда.
«Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауын электрмен жабдықтау (2-кезең)» жұмыс жобасына жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Сонымен қатар, «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның теңгеріміне 2025 жылы 52 нысан өткізілуі жоспарланып, қазіргі таңда 19 нысан теңгеріміне өткізілді.
Облыс аумағында 4 қала және 223 ауылдық елді мекен бар.Барлық қалалар 100 пайыз ауыз сумен қамтылған. Халықты орталықтандырылған ауыз сумен қамту үлесі 98,6 пайызды құрайды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қалған 23 елді мекенді 2025 жылдың соңына дейін сапалы ауыз сумен қамту мақсатында арнайы жол картасы әзірленіп, жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда.
Қызылордалықтар бұрын соңды болмаған орталықтандырылған ыстық су игілігін былтырдан бастап көре бастады. Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен жүзеге асып отырған жоба тиімділігін бүгін Сыр өңіріндегі сапары барысында ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мархабат Жайымбетов пен Мұрат Әбенов те көріп қайтты.
Жалпы қалада 624 тұрғын үйді ыстық су желісіне қосу жоспарланған. Соның 201 тұрғын үйіне ыстық су желісі қосылды. Жоба құны 26,2 млрд. теңге. Жұмыстар екі кезеңмен іске асуда, І кезең – 2024 жыл 187 үй, ІІ кезең - 2025 жыл 236 үй.
Былтыр 17 жоба бойынша 187 көппәтерлі тұрғын үйді ыстық сумен жабдықтау желілерін салу үшін Үкімет резервінен 11 млрд.теңге қаржы бөлінген. Нәтижесінде ыстық сумен қамтамасыз ету жұмыстары толық және сапалы аяқталып, тұрғындар ыстық судың игілігін көруге мүмкіндік алды. Ағымдағы жылы қалған 236 тұрғын үйді ыстық су жүйесімен қамту жұмыстарына 15,2 млрд. теңге қаржы қажет. Аталған жұмыстарды бастауға ағымдағы жылы Үкімет резервінен 5 млрд.теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, мердігер «Мелиоратор» ЖШС тарапынан Ақмешіт және Мерей мөлтек ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлерді ыстық сумен қамту жұмыстары жүргізілуде.
Халық қалаулылары атқарылған жұмыстарды өз көздерімен көріп, ризашылықтарын білдірді.
Жақында өткен Үкімет отырысынан кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев төрағалығымен өткен мәжілісте осы және өзге де мәселелер жан-жақты талқыланып, жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа арнаған Жолдауында 2025 жылдың соңына дейін ел тұрғындарын 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды. Осыған сәйкес, біздің басты міндетіміз – жыл соңына дейін өңір тұрғындарына сапалы ауыз суды толықтай жеткізу. Тапсырманың мерзімінде орындалуын қамтамасыз етіңіздер.
Жаз мезгілінде ауыз су қысымына тұрғындар жиі шағымданатыны белгілі. Осыған байланысты 1 апта ішінде тұрғындарға ауыз судың жеткізілуі мен көрсетілетін қызметтің сапасын тексеріп, тиісті рейдтік іс-шаралар ұйымдастырыңыздар. Бұл ретте ешқандай олқылық болмауы тиіс. Судың қысымын тұрақты бақылауда ұстап, үздіксіз берілуін қамтамасыз етіңіздер.
Қала, аудан әкімдеріне, облыстық басқарма, аумақтық департаменттер мен инспекция басшыларына қатаң ескерту жасаймын, өз аумақтарыңыздың тазалығын сақтау, көгалдандыру, көркейту және абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастырыңыздар», – деді облыс әкімі.
Бүгінде Мемлекет басшысының қалалардағы кәріз тазарту станцияларын жаңғырту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, арнайы Жол картасы бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Қызылорда қаласында қуаттылығы тәулігіне 70 мың текше метр биологиялық тазарту станциясын жаңғырту қолға алынған.
Жол картаға сәйкес облыс аумағындағы сапалы ауыз сумен қамтылмаған ауылдар қатарындағы Арал ауданы Ерімбетжаға, Тастүбек елді мекендерін топтық су құбырына қосу, Қазалы ауданы Шәкен, Шилі, Сарбұлақ, Шитүбек елді мекендеріне ішкі су жүйелерін салу жоспарланған.
Арал ауданы Ерімбетжаға, Тастүбек елді мекендерін топтық су құбырына қосу жобасына республикалық бюджеттен - 440 млн. теңге, арнаулы мемлекеттік қордан - 1,3 млрд. теңге және облыстық бюджеттен 432,6 млн.теңге қаралған.
Қазалы ауданы Шәкен, Шилі, Сарбұлақ, Шитүбек елді мекендеріне ішкі су жүйелерін салу жобаларына республикалық бюджеттен - 347 млн. теңге, арнаулы мемлекеттік қордан - 847 млн. теңге және облыстық бюджеттен 298,9 млн.теңге қаралған. Қазіргі таңда жобалардың құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 83 шақырым су құбыры салынып, 6 мыңға жуық адам орталықтандырылған су жүйесіне қосылады. Аталған жұмыстардың нәтижесінде елді мекендерді сапалы таза ауызсумен қамту үлесі 100 пайызды құрайтын болады.
Сонымен қатар, Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырының екінші тармағын салу жобасын бастауға республикалық бюджеттен 3 млрд.теңге, Қызылорда қаласындағы биологиялық кәріздік тазарту станциясын қайта жаңғыртуға 720,8 млн.теңге және Қызылорда қаласы Гагарин көшесіндегі КНС реконструкциялауға 101,4 млн.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары қарқын алуда.
Бұдан бөлек, облыстық бюджеттен 6 жобаның құрылысына 1,2 млрд.теңге қаржы бөлінді. Аталған жұмыстар нәтижесінде су желілерінің тозу деңгейі 33%-ға және кәріз желілерінің тозу деңгейі 32%-ға төмендейді деп күтілуде.
2025 жылғы шілде айына облыс халқын табиғи газбен қамту деңгейі 81 пайызды құрады. Облыс аумағында барлық қалалар (Қызылорда, Байқоңыр, Арал, Қазалы) мен аудан орталықтары (6 аудан орталығы) және 45 ауылдық елді мекен табиғи газға қосылған.2025 жылы газдандыру жобаларына республикалық бюджеттен 4,6 млрд. теңге, «Самұрық-Қазына» АҚ-8,5 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 1,5 млрд. теңге қаржы бөлінді. Аталған қаржыға 11 жоба жүзеге асырылмақшы. 2025 жылдың 6 айдың қорытындысы бойынша 6 елді мекеннің (Шижаға, Ортақшыл, Баймұрат, Талдыарал, Ақтан батыр, Н.Ильясов) газдандыру жұмыстары аяқталып, табиғи газға қосылды. Осылайша облыстың газбен қамту деңгейін 82 пайызға, газдандырылған елді мекен санын 53-ке жеткізу жоспарлануда.