Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада мекемеден ноутбук ұрлаған адам ұсталды

Қызылордалық полицейлер ұрлық жасамақ болған тұрғынды оқиға орнында ұстады. 
14 қаңтарда Қызылорда қалалық Полиция басқармасына қаладағы мекемелердің бірінің ғимаратына белгісіз ер адамның жасырын түрде кіргені туралы хабарлама түсті. 
Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері екі ноутбукты қолды еткен күдіктіні “ізін суытпай” ұстады. Шығын сомасы 600 000 теңгені құрайды. 
Қазіргі таңда облыс орталығының 1977 жылы туған тұрғыны болып табылатын күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 
Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі (Қылмысқа оқталу) арқылы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен (Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 
Полиция қызметкерлері азаматтарға мұқият болуды және тұрғын үйлеріне бейнебақылау камералары мен күзет дабылын орнатуды ұсынады. 
Сондай-ақ пәтер ұрлықтарының алдын алу үшін кіреберіс есіктерді сенімді құлыптармен нығайту, ал терезелерге темір торлар орнату қажеттігін ескертеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: