Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖАЛАҒАШТЫҚ ЖАСТАР «НҰР ОТАНҒА» ҚАБЫЛДАНДЫ

ЖАЛАҒАШТЫҚ ЖАСТАР «НҰР ОТАНҒА» ҚАБЫЛДАНДЫ«Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалының мәжіліс залында жаңадан партия мүшелігіне қабылданған аудан жастарына партия билеттерін тапсыру рәсімі болып өтті. 
Шараны партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева жүргізіп, партияның міндеттері мен атқарып отырған жұмыстарына мағлұмат беріп, Елбасының мемлекеттік бағытын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін саяси ұйымының Жалағаш филиалының топтастырылған 25 бастауыш партия ұйымында 2864 партия мүшесі барын, партия қатарына өтуге тілек білдірушілердің қатары өсіп отырғанын айтып, жаңадан қабылданған партия мүшелеріне партия билеттерімен қоса Партия Доктринасын табыстады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: