Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Гүлшара Әбдіқалықова Байқоңыр қаласында болды


Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Байқоңыр қаласында болды.
Онда №277 мектеп-лицейіне және жаңадан салынған көп қабатты үйлерге барды. Аталған білім ұясында аймақ басшысы облыстық білім басқармасына Байқоңыр қаласы мен Қызылорда облысының оқушылары арасында демалыс уақытын тиімді өткізу, әрі тарихи орындарды таныстыру мақсатында экскурсия ұйымдастыруды тапсырды.
Ары қарай облыс әкімі көпбейінді аурухананың жұмысымен танысты. Бас дәрігер Жандос Әділхан Байқоңыр кешенінде COVID-19 инфекциясын алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасына қарасты Төретам ауылдық ауруханасында карантиндік – 30 және провизорлық – 15 төсек орындық бөлімшелер және 1 төсек орындық интенсивті-реанимациялық палата ұйымдастырылды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық трассасынан Байқоңыр қаласы мен Ақай ауылдық округіне, Төретам кентіне кіре беріс жолдарында 2 блок-бекет ұйымдастырылып, онда жалпы саны 16 мейірбике 24/7 қағидатымен жұмыс атқаруда. Барлық карантиндік, провизорлық стационардағы азаматтар бақылауда. Гүлшара Әбдіқалықова елімізде төтенше жағдай тоқтатылғанымен, аймақта карантин режимі жалғасатынын айтып, сақтық шараларын әлі де қатаң сақтауды және медицина қызметкерлерінің жетпеуіне байланысты мәселені шешуді тапсырды.
Сонымен қатар, Гүлшара Әбдіқалықова Байқоңыр қаласындағы Жеңіс саябағында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Мәңгілік алау» ескерткішінде гүлшоқтарын қойып, тағзым етті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: