Қызылордада танысына пышақ жарақатын салған адам ұсталды
Қызылордада масаң күйде жанжалдасып, танысын жарақаттаған 58 жастағы азамат ұсталды.
Қызылорда қаласы полиция басқармасының жедел “102” арнасына қалалық аурухананың дәрігерінен хабарлама түскен. Түнгі сағат 02:30 шамасында алкогольдік ішімдіктерді бірге ішу кезінде екі азаматтың арасында жанжал туындап, кейіннен жанжал төбелеске ұласқан.
Күдікті танысына бірнеше мәрте пышақ жарақатын салған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.