Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада қылмыстық топты ұстау сәтінің видеосы пайдасы болды

Қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметі бірнеше қалада заңсыз ойын бизнесімен айналысқан қылмыстық топты анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, қылмыстық топ Алматы, Шымкент, Қарағанды, Тараз және Қызылорда қалаларында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған. Қылмыстық істі тергеу шаралары қысқа уақыттың ішінде атқарылды.
Күдіктілердің арасында бір Германия азаматы да бар. Барлығы 7 адам жауапқа тартылып отыр. Олардың заңсыз ойын бизнесінен тапқан табысы 800 миллион теңгеден асып түскен.
Бүгінде Қылмыстық кодекстің төрт бірдей бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр. Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру, заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру, қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру, жалған айғақтар беру бойынша сотқа жіберілді.
Бұл баптарға сәйкес, 2 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. 
Қылмыстық іс Қызылорда қаласы №2 сотында қаралатын болды.
[media=https://www.instagram.com/p/CJNNBfWJqSy/?utm_source=ig_embed]
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: