Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ШҚО-да екі адам қарумен тойға басып кірген

Шығыс Қазақстан облысындағы Үржар ауылындағы мейрамханалардың бірінде өтіп жатқан тойға қаруланған адамдар басып кіріп, оқ атқан. Оқиға 1 қаңтарда болды. Кейін мейрамхана ішінде түсірілген видео әлеуметтік желіде таралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Видеодан екі адамның мейрамханаға кіріп, оқ атқанын көруге болады. Полицияда шабуылды дұшпандық қарым-қатынас негізінде жасалғанын мәлімдеді. 
"Күдіктілер анықталып, біреуі уақытша қамау изоляторына қамалды. Үржар ауданы полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тергеу жұмыстары басталды. Аталмыш бапта 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастылырған", - деді ШҚО Полиция департаментінде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: