Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

МЕРЕКЕ КҮНІ ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ

МЕРЕКЕ КҮНІ ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫБүгін 7 мамыр – елжандылық пен отаншылдықтың, батырлық пен ержүректіктің символындай болған Отан қорғаушылар мерекесі. Аталмыш мерекеге орай Арал ауданында салтанатты шара болды. 
Аудандағы әскери сала қызметкерлері мен мектеп оқушылары сап түзеген шарада аудан әкімі Абзал Мұхимов мерекемен құттықтап, сөз сөйледі. Сондай-ақ бір қатар әскери саланың қызметкерлері алғыс хаттармен марапаттады. Шара барысында ауданнан отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге аттанғалы тұрған 10 өренді шығарып салды. Әрі қарай өнерпаздардың концерттік бағдарламасына жалғасып, оқушылар әскери шеберліктерін көрсетті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: