Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордалық түлектердің 85 пайызы ҰБТ-ға қатысады

Ұлттық бірыңғай тестілеу биыл электронды форматта ұйымдастырылады. Қызылорда облысында сынақ 6 мамыр мен 30 маусым аралығында өтеді. Ол үшін арнайы 4 тестілеу орталығы жабдықталған. 
- Биыл аймақта 7006 оқушы мектеп бітіреді. Оның 5949-ы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады деп жоспарлануда. Биылғы жылғы жаңа ереже бойынша, мектеп бітірушілер ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең жақсы нәтижені грант иелену үшін конкурсқа жолдай алады. Тестілеу барысында санитарлық шектеу шаралары қатаң сақталатын болады, - деді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: