Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Сырдарияда кәсіпкерлер саны артып келеді

Сырдария ауданында кәсіпкерлер саны артып келеді. Бүгінде ауданда 2081 кәсіпкер халыққа қызмет көрсетеді. Өткен жылы Палатаға кәсіпкерлерден құқығын қорғауды сұраған 10 өтініш түсіп, оның 5-еуі оң шешілген. Қалғандары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілген.
Кеңесшілермен кәсіпкерлікке қатысты 560 азаматқа 1080 кеңес берілген. «Бастау» бизнес жобасы бойынша 230 азамат оқып, олардың 132-сі 100-ден 200 айлық есептік көрсеткішке дейін мемлекеттік бағдарлама аясында қайтарымсыз қаржыға ие болған.
«Жас кәсіпкер» жобасы аясында оқыған 110 сырдариялық жастың бүгінде 62-сі 505 мың теңгеден қайтарымсыз қаржыдан алып, барлығы 32,7 млн.теңге қаржыға ие болған. Аудандық филиал директорының айтуынша, қазірдің өзінде «Бастауды» оқуға ниетті азаматтар көптеп өтініш білдіруде екен. Жыл басынан бері 100-ге жуық аудан тұрғыны тіркелген.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: