Қызылорда қласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жаппасбай батыр көшесіндегі жаңа тұрғын ауданда бой көтеріп жатқан 600 орындық мектеп құрылысының басында болды.
Бұл жобаның жалпы құны 974,4 млн. теңгені құраса, мердігер мекеме «Ария-Жаңа Астана» ЖШС-і құрылыстың алғашқы кезеңіне бөлінген 160 млн. теңгені толық игерген.
Қала әкімі мердігер мекемеге құрылыс жұмысын тоқтатпауды тапсырып, қаржы мәселесінің жедел шешілуіне барынша ықпал жасайтындығын айтты.