Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫ КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН ЖҮЗДЕСУ ӨТТІ

ҚАЗАЛЫ КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН ЖҮЗДЕСУ ӨТТІ

 

Облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов бүгін Қазалы ауданына жұмыс сапарымен келді. Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен көшпелі отырыста Қ.Ысқақов Елбасының 5 институционалдық реформасы аясында облыс көлемінде іске асырылып жатқан жобаларға тоқталды.
Мәжілісте аудан әкімі Нажмадин Шамұратов Қазалы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде хабарлама жасады. Халықтың жағдайын жақсарту, кәсіпкерлікті дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашу, салық базасын ұлғайтып, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын одан әрі дамыту мен қоғамдық саяси жағдайды, тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Қ.Ысқақов жұмыс сапары барысында аудан кәсіпкерлерімен де кездесті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: