Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІАудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті. Отырысты аудандық мәслихаттың депутаты Қадірберген Бедер ашып, жүргізіп отырды. 
Күн тәртібіне ұсынылған кеңестің төрағасын, хатшысын және төралқа құрамын сайлау бойынша,қоғамдық кеңес төрағасы болып «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алдаберген Жоланов, хатшылыққа аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Еркебұлан Сарымбетов сайланса, қосымша төралқа құрамы аудандағы беделді 5 адамнан құралды.
Кеңес отырысы әрі қарай аудан әкімі Абзал Мұхимовтың қоғамдық кеңес алдындағы 2015 жылы ауданда атқарған жұмыстар туралы есебін тыңдаумен жалғасты. Аталған отырысты жаңа сайланған аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алдаберген Жоланов ашып, жүргізді. Жыл көлемінде ауданда атқарылған жұмыстарды саралаған жиын соңында қоғамдық кеңес мүшелері аудан әкімі Абзал Сансызбайұлының жұмысын оң бағалады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: