Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қоңырау шалу үшін: Қызылордада тұрғындарды алдаған алаяқтар ұсталды

Қызылордада тұрғындарды алдаған алаяқтар ұсталды. 
Тәртіп сақшылары алаяқтық жолмен телефон жымқырды деген айыппен екі ер адамды ұстады. Қала тұрғындарының шағымдануы бойынша, белгісіз азаматтар қоңырау шалу үшін ұялы телефондарын сұрап алып, оқиға орнынан бой тасалап, алдап кеткен. 
Жедел-іздестіру шараларының барысында полиция қызметкерлері қылмысты жасаған 35 және 33 жастағы қала тұрғындарын анықтап, ұстады. 
Олар өз кінәларын толықтай мойындады. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: