Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Алматыда дүниеге үшем әкелген ана күл-қоқыстың арасында тұрып жатыр

Алматыда дүниеге үшем әкелген ана күл-қоқыстың арасында тұрып жатырҚоқыстың ішінде күнелткендер! Алматыда дүниеге үшем әкелген жас отбасы күл-қоқыстың арасында тұрып жатыр. Үш бірдей шақалағы әлі жасқа да толмаған Ізтілеуовтар жанұясы кәдімгі контейнерді үй еткен. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Тастай суық темірдің ішінде өскен нәрестелер қазірдің өзінде өкпелері қабынып, әзер тыныстап жүр. Күні-түні көз ілмей үш кішкентайының ауыр дерттерімен күрескен ана үшеміне арнап үй емес, тым болмаса жылы бөлме сұрап отыр.
Бұл тек қоқыс тастайтын алаң ғана емес. Мұнда дүниеге үшем әкелген жас отбасы да тұрып жатыр. Баспана тұрмақ іліп алар мүлкі де жоқ жанұя кәдімгі контейнердің ішін паналаған.
Ал бүлдіршіндер ана сүтін ембес бұрын ең бірінші осы құрылғыдан тыныстайды.
Бұл инголятор болмаса үш сәбидің де тынысы тарылып, өкпелері қабынып кетеді екен. Оған кінәлі қуықтай ғана бөлменің ішіндегі сыздаған суық.
"Міне күніне осылай 2-3 рет жасаймын балаларыма ингаляцияны. Ингаляциямен отырмын қазір. Күн болса суытып келе жатыр. Бұлардың да жөтелі күшейіп жатыр", - дейді  үшемнің анасы Нұргүл Сындарова.
Сәбилер күндіз де түнде де салқын тартқан осы контейнердің ішінде. Салдарынан егіздердің өкпелері қабынып, үшеуі де бронхит ауруына шалдыққан екен. Жылы бөлме жалдауға Ізтілеуовтардың жағдайы жоқ.
Жолдасы түні бойы құрылыс басында жүрсе, Нұргүлдің өзі бала-бақшада күзетші. Табысы бар-жоғы 30 мың теңге.
"Маған Есімовтың атына ұсыныс жазамыз деген. Әлі ешқандай жауап болмай жатыр. Балаларым үшін алаңдаймын. Мына жоғарыда отырған ағалардан көмек сұраймын. Есімов мырза, сізден көмек сұраймын. Балаларым үшін көмектесіңіз. Үшемдер күніге дүниеге келе бермейді ғой. Өтініш сізден. Көмектесіңіз...", - дейді үшемнің анасы.
Үшем дүниеге келгенде жергілікті шенеуніктер жас отбасыға баспана сыйлаймыз деп уәдесін берген екен. Бірақ сол күйі хабарсыз кеткен. Салқын үйде сырқаттанып қала беретін сәбилердің жағдайына дәрігерлер де алаңдаулы.
Есімов мырза, сізден көмек сұраймын. Балаларым үшін көмектесіңіз. Үшемдер күніге дүниеге келе бермейді ғой. Өтініш сізден.
"Тұрған жерлерінде жағдай жоқ. Су жоқ , жылу жоқ. Жуынатын жерлері де жоқ . Сол үшін ауырып жатыр балалар. Бұл балалар бұл жерде қыстап шығуы мүмкін емес", - дейді мейірбике Жазира Мұхамеджанова.
Балшық пен пластиктен қапталған бұл контейнер ішінде үшемі бар отбасы көктем айына дейін тұра тұруға рұқсат алыпты. Келесі көктемде бұл уақытша баспана да бұзылады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: