Жаңа да жарқын идея, тиімді де өзгеше технология, бизнес ноу хау, ғылыми жаңалықтың патенттері! Мұның бәрі Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің физика-химиялық талдау әдістері инженерлік лабораториясында жүзеге асуда.
Жаңа да жарқын идея, тиімді де өзгеше технология, бизнес ноу хау, ғылыми жаңалықтың патенттері! Мұның бәрі Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің физика-химиялық талдау әдістері инженерлік лабораториясында жүзеге асуда. Қызылорда мұнайлы аймақтың бірі. Жасыратыны жоқ, топыраққа мұнай төгілмей тұрмайды, ол бір, екіншіден, мұнай қалдықтарын осы кезге дейін тек өртеп келді. Ол екі. Ал, жергілікті ғалымдар, бүлінген топырақты тазалау мен мұнай қалдығын кәдеге асырудың экологиялық жағынан да, экономикалық жағынан да тиімді жолын тауыпты.
Нұрбол Аппазов – физика-химиялық талдау әдістері инженерлік зертхана жетекшісі
Мұнайдан қалған қалдық, яғни мұнай шламын, кірпіш өндірісінде пайдалануға болады екен. Ол құрылыс материалының сапасын арттырады, бүгінде кірпіш жасауда көмір қосады, ол қымбат болғандықтан өнімнің өзіндік құнын көтеріп жібереді, ал шламды қосса, әрі арзан әрі сапалы өнім алуға болады дейді күн-түн демей тер төгіп жүрген ғалымдар
Роза Нарманова – жетекші ғылыми қызметкер:
Ғалымдар бұл жобаны сынақтан өткізіп те үлгерді. Кірпіш зауыттары қызығушылық танытып отыр дейді
Роза Нарманова – жетекші ғылыми қызметкер:
Лабораторияда «жасыл экономикаға» бағытталған жобалар жеткілікті. Әсіресе қоршаған ортаның тазалығына қатысты
Нұрбол Аппазов – физика-химиялық талдау әдістері инженерлік зертхана жетекшісі:
Жастарды ғылымға тартуда Сыр елінде елеулі әрекет бар. Осыдан бірнеше жыл бұрын жас ғалымдар альянсы құрылды. Нәтиже бар. Соның дәлелі – біраз жаңа ғылыми жобалар жасалып, тіпті патенттері де алынып қойылған.
Нұрбол Аппазов – физика-химиялық талдау әдістері инженерлік зертхана жетекшісі:
Құр идеямен ғана емес, сол ұтымды идеяны жүзеге асырып, ғылыммен айналысып жүрген өнертапқыштар шоғыры енді инвесторларды күтеді. Дебютті идеялардың дайын өнімдерге айналар күні алыс емес. Сырбойылық ғалымдардың серпінді, ноу-хау тұрғысындағы жарқын жобалары елдегі инвестициялық-инновациялық саясатқа да, жасыл экономика талабына да толық жауап береді. Олай болса, Қызылорданың Эйнштейндерін әлем танитын кез алыс емес.
Қазақстан-Қызылорда телеарнасы.