Қоршаған ортаға немқұрайлы қарамайтын жассың ба? Табиғатты қорғау – сен үшін жай сөз емес, өмірлік ұстаным ба? Онда дәл қазір “Республикалық Эко-әдеттер челленджіне” қосыл!
Бұл челлендж – Қазақстан жастары арасында экологиялық мәдениетті дамытуға, тұрақты әдеттерді қалыптастыруға, сондай-ақ табиғатты аялауға арналған ерекше бастама.
Мақсатымыз:
Жастар арасында экосананы арттырып, таза болашаққа үлес қосу. Жауапты өмір салтын қалыптастырып, табиғатпен үндестік орнату.