Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада тамыз айының 24 күнінде 4422 адам коронавирус жұқтырды

Коронавирус инфекциясы барлық аймақта тіркелуі орын алуда, соның ішінде облыстық орташа көрсеткіштен 2,0 есеге жоғары деңгей Қызылорда қаласында қалыптасуда. 
Тіркелген жағдайларды жас ерекшеліктеріне қарай талдағанда, барлық жас арасында аурушаңдық орын алып отыр. Дегенмен, өткен жылмен салыстырғанда 14 жасқа дейінгі балалар арасынан, оның ішінде бір жасқа дейінгі балалар арасында КВИ шалдыққан балалар саны көбеюде және клиникалық белгілерімен де анықталуда. Бұл ерекшеліктер мутацияланған «Дельта» штаммасының вируленттік және жұқпалылық қасиеттерінің жоғары және жылдам екенін тәжірибеде көрсетіп отыр. Сондай-ақ, ауруды жас ерекшелігіне сәйкес талдағанда өткен жылдан жұмыссыздар, зейнеткерлер және ұйымдаспаған балалар мен оқушылар саны көбейген. 
Әлия Мүтәліпқызының айтуынша, жаңа оқу жылы басталғанда аурудың бас көтеру ықтималдығы бар. Себебі, егілуге жатпайтын контенгенттің арасында ауру саны көбейіп тұр.
Биыл аурушаңдық саны наурыз айындағы мерекелік күндерінен кейін сәуір айында анықталды. Ауру саны жоғарылап 1540 жағдай тіркелген. Содан кейінгі аурудың жоғарылауы шілде айында орын алып, 3387 жағдай тіркелсе, тамыз айының 24 күнінді 4422 жағдай тіркелді. Ал, шілде айының 15-ші жұлдызынан бастап күннен күнге артып, күнделікті 100-дің үстінде тіркелген. Шілденің 29-шы жұлдызынан бастап 200-дің үстінде адамнан инфекция анықталған. Бұндай жағдай былтырғы пандемияның кезінде болған емес, былтырғы шілде айында ең жоғарғы ауру тіркелген саны 118 болатын, эпидемиологиялық ахуал өте күрделі дейді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: