Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Күнім, сен сөнбеші!» клипінің бас кейіпкері ауыр қылмысқа күдікті ретінде іздестірілуде

Ғашықтар хикаясының кейіпкері Марлен Нұрғасенов ауыр қылмысқа қатысы бар күдікті ретінде іздестіріліп жатыр. Қылмыс Атырау облысының Жылыой ауданында болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әнші Ернар Айдардың «Күнім, сен сөнбеші!» бейнебаянына түсіп, отандық телеарналардағы түрлі бағдарламалар арқылы махаббатын аялап жүрген кейіпкер ретінде танылған 25 жастағы Марленнің қазір 4 балалы азаматтың өліміне қатысы болуы мүмкін.
Оның іздестіріліп жатқаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде кеңінен тарады. Осы жағдайға қатысты Атырау облыстық Полиция департаменті пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, Атырау облысының Құлсары қаласында 15 тамыз күні сағат 19:00 шамасында 35 жастағы ер адамның өлгені хабарланған.
«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полиция төрт күдіктіні анықтап, іздестіруде», - деді облыстық ПД өкілдері.
Ал NUR.KZ-тің хабарлауынша, бұл хабарды оқыған жұрт Марленнің сүйіктісі Әнелдің әлеуметтік желідегі парақшасына кіріп, бойжеткеннен не болып жатқанын сұраған.
«Кішкене шыдаңыздар, бәрі анықталады, ашылады. Марленнің қатысы жоқ. Иншалла, дәлел қолымызға түссін, барлығын түсіндіремін. Ал қазір бір өлімнен тұрып отырмын, сондықтан артық сөз айтпайық», - деді ол.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: