Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазалы ауданының әкімі тұрғындарды қабылдады

Қазалы ауданының әкімі тұрғындарды қабылдадыҚазалы ауданының әкімі, «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалының төрағасы Шамұратов Нажмадин Шәкизадаұлы азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауға келушілердің негізгі өтініштері тұрғын үй алу, ауыз су, денсаулық және әлеуметтік мәселелерге қатысты болды.
Қазалы қаласының тұрғыны қамқорлығында жетім қалған 2 балаға тұрғын үй алуға және жұмысқа орналастыруға көмек көрсетуді сұрады. Өтінішке сәйкес, аудан әкімі Н.Шамұратов азаматтың тұрғын үй кезегінде 75-кезекте тұрғанын анықтап, жұмыспен қамту мәселесін шешуді тиісті бөлімге тапсырды.
Ауыз су мәселесімен келген өтініш білдіруші Желтоқсан, Әуезов көшелерінің жай-күйін алға тартты. Қойылған мәселе бойынша аудан басшысы аталған көшелерге ауыз су жеткізуге жұмыстар жасалып жатқандығын айтты.
Сонымен қатар, қабылдауға келген Төле би көшесіндегі ардагер үйлерінде отын сақтау сарайының жоқтығын айтып, көмек сұрады. Айтылған мәселеге мән берген Нажмадин Шәкизадаұлы ардагердің үйіне қажетті құрылыс материалдарын жеткізіп беруді аудандық құрылыс бөліміне тапсырды.
Н.Шамұратов аудан тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтардың шешімін жан-жақты қарап, кейбір мәселелерді әкім аппаратының жауапты қызметкерлері мен аудандағы мекеме басшыларының құзырына белгіленген уақыт мерзімінде орындауды атап тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, бекітілген кесте бойынша, әр айдың бірінші сәрсенбісінде аудан әкімі тұрғындардың жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: