Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда облысында өңірінде өңдеу өнеркәсібі артып келеді

Биыл Қызылорда облысының экономикалық әлеуетіне тікелей ықпал ететін салаларда даму қарқыны айтарлықтай жоғары. Экономикалық дамудың макрокөрсеткіштері бойынша облысымыз республикада көш басында. 


Мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне қарамастан (6,6%), өнеркәсіптің басқа да салаларын дамытуды қолға алу нәтижесінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,1 пайызға өсті (өнеркәсіп өндірісінің көлемі 933,8 млрд. теңге).
Индустрияландыру шараларының нәтижесінде өнеркәсіптің өңдеу саласы қарқынды дамуда. Жыл басынан бері 278,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 28,9%-ға өсім қамтамасыз етілді.
Өңірлер арасында өңдеу өнеркәсібінің көрсеткіші бойынша облыс бірінші орында. Осы саладағы ірі кәсіпорынымыз - шыны зауыты қалыпты жағдайда жұмыс жасауда. Келер жылы шыны зауытының ішінен қуаттылығы жылына 5 млн. шаршы метр энергия үнемдейтін жаңа желі іске қосылады. Бүгінгі күні қоңдырғылардың 70%-ы жеткізілді (құны6,7 млрд. теңге). 
Энергия үнемдейтін шыны өндірісі жобасынан бөлек, құны 25,2 млрд. теңгені құрайтын 2 жобаның (айна және шыны бөтелкелерін шығару) жобалау жұмыстары басталды. 
Жалпы алғанда, шыны зауытының аясында шағын және орта кәсіпкерліктің белдеуін дамытуға мүмкіндік мол. Алдағы уақытта зауыт жанынан құны 130 млрд теңгеден асатын түрлі шыны бұйымдарын шығаратын бірнеше ілеспе кәсіпорын құру жұмыстары жүргізіледі. 
Өңірде өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған
 2023 - 2028 жылдар аралығында құны 1,1 трлн.теңгені құрайтын 
48 жобаның іске асырылуы жоспарлануда. Оның ішінде, биылғы жылы 7 жобасы іске қосылды.
Инвестиция тартуда оң динамика қалыптасты. Есепті кезеңде өңірге 431,6 млрд.теңге инвестиция тартылып, 18,8% өсім қамтамасыз етілді. Оның 72 пайызы -  жеке инвестиция. Жалпы, жыл қорытындысымен 472 млрд.теңге инвестиция тартылады.
Тәуелсіздік жылдарындағы жеке инвестор қаржысына салынатын ең ауқымды, теңдессіз жоба – Түрік инвесторларымен бірлесіп, құны
215 млрд теңге болатын жылу-электр орталығы.
Мемлекет басшысының «Туған жерді бірге түлетейік» үндеуіне өңірдің жанашыр азаматтары қатысып, 37,5 млрд. теңгенің жобаларын іске асыруда.
Мемлекеттік бағдарламалар аясында, биыл шағын және орта бизнестің 4608 жобасына 62,9 млрд.теңге сомасында барлық қаржы көздерінен  қаржылай қолдау көрсетілді. 
Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 5,4 пайызға, жұмыспен қамтылғандар саны 15,8 пайызға (124 376 адам) артты. 
Мемлекет басшысы бөлшек салықты енгізу және салықтық ынталандыру шарасын қабылдады. Биыл облыста 35 мың кәсіпкердің мүддесі қамтылған бөлшек салықтың пайыздық мөлшерлемесі 
4 пайыздан 2 пайызға төмендетілді.
Шағын және орта кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі өткен жылы 19,1 пайызды құраса, биыл бұл көрсеткіш 21,5 пайызға жеткізілетін болады.
2023 жылдың 10 айында жалпы сауда айналымы 656,6 млрд. теңгені құрап, өсім 104,7 пайызды құрады. Экономиканың бұл секторына биылғы жылы 24,2 млрд.теңгеге инвестиция тартылды. 
Аймақта құны 3,5 млрд. теңгені құрайтын 32 жоба іске қосылып, 358 жаңа жұмыс орны ашылды (сауда және ойын-сауық орталықтары, кондитерлік өнімдер дүкені, құрылыс заттар үйі, монша, тамақтану орындары және көлік жуу орталықтары).
Биылғы жылдың 10 айының қорытындысымен туризм саласына 18,6 млрд. теңге шамасында инвестиция тартылды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3% артық орындалды (17,9 млрд. теңге). Бюджет қаражаты есебінен туризм саласын дамытуға бағытталған 6 іс-шара өткізілді.

Сурет - Қызылорда облысының әкімдігі
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: